Мектеп тарихы
Жарияланған: 13.10.2025 | Автор: Ермаханов Айбек Муратбекович
1946 жылы бастауыш класс негізінде ашылып, мектеп басшысы Нұрмағамбетов Тілеуберген болды.
1949 жылы орталау мектепке айналды. Мектеп оқушылары балалар үйінің тәрбиеленушілері еді.Сол жылдары Дәулетов Мұхит мектеп басшысы болды.
1953-1964 жылдары қазақ-орыс сегіз жылдық мектебі болып құрылды. Мектеп басшысы болып Кенжеғұлов Саду тағайындалды.
1972 жылы №1 қазақ орта мектебінің орнына көшірілді.
1964-1984 жылдары Талипов Нұрмұхан мектеп басшысы;
1969-1970 жылдары орта мектепке айналды. 1971 жылы алғашқы түлектеріне өмірге жолдама берді.
1984-1986 жылдары Әбдіғалиев Сәндібай мектеп басшысы;
1986-1987 жылдары Байшүкіров Жолаушыбай мектеп басшысы;
1986-1987 жылы Есет Көтібар ұлы көшесіне 1176 оқушыға арналған жаңа үлгідегі мектепке көшірілді.
1986-1987 оқу жылы мектеп қазақ-орыс мектебі болды.
1987-1998 жылы мектеп басшысы Қыдыров Дәулетжан болды.
1971-1996 жылдар аралығында 2250 түлек өмірге жолдама алды, оның 19-ы «Алтын белгі», 10-ы «Күміс медаль» иегерлері атанды.
1996 жылы Шалқар ауданының әкімінің қаулысымен мектеп-гимназия статусына ие болды.
1998-1999 жылдары Майкупов Нұрлан мектеп басшысы;
1999-2003 жылдары Табаналы Қуаныш мектеп басшысы;
2003-2007 жылдары Сүйеубаев Құлыбек мектеп басшысы;
2007-2013 жылдары Әлиева Миуа мектеп басшысы;
2013-2014 жылдары Басмағанбетова Рита мектеп басшысы болды.
2014-2022 жылдары Қалдыбаева Гүлнәр мектеп басшысы;
2022 жылдан Шалабаева Айгуль Куанышкалиевна мектеп басшысы. 
Шаңырақ: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы және оның құндылықтарының белгісі.
Қазақ халқының ұлттық ою-өнері: Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі- ұлттық рухани болмысымызды жас ұрпақ санасына сіңіру, сол арқылы ұлттық рухы жоғары, отансүйгіш азамат тәрбиелеу, ұлттық нақыштарды үлгі ету қағидасына негізделген.
Кітап, Қауырсын, Қалам: Кітаптың салыну себебі-«Кітап-білім бұлағы» мақалының көрінісі. Қауырсын,қалам- дарындылық символикасы.
Дөңгелекшелер: Оқушылардың мектепте әр түрлі ғылым негіздерін меңгеріп, өмірге жолдама алуы, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру символы